20
ноябрь
2020
"Мектепке жол" республикалық "Қамқорлық" акциясы
Жамбыл атындағы орта мектеп КММ
Бұйрық №22
22.01.2020
"Мектепке жол" республикалық "Қамқорлық" акциясын өткізу туралы
Жамбыл аудандық білім бөлімінен 22.01.2020 келген хат негізінде
БҰЙЫРАМЫН
1. Көмекке мұқтаж балаларды барынша көмекпен қамту мақсатында Мектепке жол республикалық, қамқорлық акциясы өткізілсін.
2. Акцияны ұйымдастыру комитеті құрылып, бекітілсін, акцияны өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспары жасалып,бекітілсін.
3. Директор оқу тәрбиешісі жөніндегі орынбасары Ж.Беласароваға
3.1 Оқушыларды есепке алу және олардың қозғалысы жөніндегі тиісті құжаттарды жүргізу және оқуды тоқтатқан немесе оқудан жалтарған балалар туралы мәліметтер анықталсын.
3.2 Мектепке оқушыларды жинау бойынша көмек қажет ететін балалар мен отбасылар туралы мәліметтер анықталсын
4. Мектеп мұғалімдері, ішкі - істер бөлімінің қызметкерлері, ауыл әкімшілігі және ата-аналар мен бірлесе отырып әр мекен - жайын / фермаларда, саяжайда, шаруашылық бөлімінде, егістіктерде жіәне т.б./ "қиын" балалар тобына жататын қараусыз қадағалаусыз жағдайы жоқ отбасылар мен мигранттардың балаларын анықтау мақсатында арнайы рейдтер жүргізілсін.
5. Аз қамтамасызетілген оқушыларға көмек көрсету үшін ауыл әкімдері мен кәсіпкерлерге шаруашылық қожалықтары мен әулетті қайырымдылық көрсетушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету туралы өтініш хаттар жіберілсін.
6. Бала мектепке келмей қалған жағдайда себебі анықталып, балаларын мектепке баруына немқұрайлы қарайтын ата-аналарға бала еңбегін пайдаланушы, жұмыс берушілерге тиісті шаралар қолданылсын.
7. Акция қорытындысы және балаларға көрсетілген материалдық көмектердің нәтижесі туралы педагогоикалық кеңесте қаралуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Беласарова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Рыскелдиева мен С.Қалжановаға жүктелсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау өзіме қалдырылсын.
Мектеп директоры:
Ж.Ермекбаева